Нұр-Сұлтандағы көпірден өрт шықты

Нұр-Сұлтандағы көпірден өрт шықты

Нұр-Сұлтандағы көпірден өрт шықты
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтандағы «Арқар» көпірінен өрт шықты деп хабарлады turkystan.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Сарайшық көшесі бойындағы көпірдің тірек бағандарындағы электр кабелі жанған.

Оқиға орнына электр кабельдерін тоқтан ажырату жұмыстарын жүргізу үшін Астананың аймақтық электр желісі компаниясының қызметі шақырылған. Осыдан кейін өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндіруге кіріскен.

«Сағат 17:54-те өрт оқшауланып, 18:05-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», -  делінген хабарламада.