Атырауда мыңнан астам қой тірідей өртеніп кетті

Атырауда мыңнан астам қой тірідей өртеніп кетті

Атырауда мыңнан астам қой тірідей өртеніп кетті
ашық дереккөзі
Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылдық округіне қарасты Жалғызапан ауылына жақын маңда «Сүйіндік қой зауыты» ЖШС-нің 1000-нан астам Еділбай тұқымды қойы жалынның ортасында қалған деп хабарлады turkystan.kz ATPress.kz-ке сілтеме жасап. Куәгерлердің айтуынша, өрт Ресей Федерациясының аумағында тұтанып, Атырау облысына жайылған. Өрт жақындаған кезде шопан Уәлихан Қабдрахманов жайылымнан үйіне қайтып келе жатқан.
– Үйге жақындаған кезде жел күшейіп, өрт тез тарады. Өзім балалар жатқан үйге әрең жүгіріп бардым. Үйдің айналасындағы шөптің барлығы жанып кетті. Соның салдарынан 1039 қойдан айырылдым, оның ішінде жеке өзіме тиесілі малым да болды, – дейді шопан.
Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар департаменті құрғақ шөп өртенді деп хабарлады.  Өрт Ресей Федерациясының Астрахань облысынан тараған. Тілсіз жауды сөндіруге 30 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Сүйіндік және Жалғызапан ауылдарының тұрғындары да өртті ауыздықтауға барын салды.
– Ең бастысы, зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ауыл тұрғындары атсалысты. Өртенген 1000 бас қойдың барлығы Сүйіндік қой совхозына тиесілі еді. Соңғы аптада ауыл маңында үш рет орман өрті болды. Күннің қатты ысуынан құрғақ шөп өртеніп жатыр, - дейді Сүйіндік ауылдық округінің әкімі Қанат Құлшаров.
Мал өлекселері Жалғызапан ауылы маңындағы шұңқырға көмілді. Қазір шығын саны есептеліп жатыр.