Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
Нұрлыбек Жеңісбекұлы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Нұрлыбек Жеңісбекұлы  1988 жылы туған. Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетті (филология бакалавры) аяқтаған, халықаралық қатынастар магистрі (Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясы). Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» телеарнасында тілші болып бастаған. Әр жылдары облыстық және республикалық телеарналарда редактор, тележүргізуші қызметтерін атқарған. Сонымен қатар 2013-2017 жылдары Шымкент қаласы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі лауазымдарын атқарған. Сондай-ақ ОҚО «Ақпараттық талдау» орталығының директор орынбасары болып қызмет етті. 2017 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы лауазымын атқарды. Одан кейін Энергетика министрлігінің ресми өкілі - Стратегиялық және ақпараттық даму департаменті директорының орынбасары болды. Бұл қызметке дейін ол Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет етті.