СҚО-да жоғалған 82 жастағы әже орманнан табылды

СҚО-да жоғалған 82 жастағы әже орманнан табылды

СҚО-да жоғалған 82 жастағы әже орманнан табылды
ашық дереккөзі
СҚО-да полицейлер мен еріктілер орман ішінен із-түзсіз жоғалған 82 жастағы зейнеткерді тауып алды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Зейнеткердің із-түзсіз жоғалғаны туралы туыстары 12 шілде күні кешке Айыртау ауданының полиция бөліміне хабарлаған. Жасына байланысты әжей кей кезде есін жоғалтып жүрген. Іздеу іс-шараларына полицейлерден бөлек, төтенше жағдайлар қызметі аудандық бөлімінің қызметкерлері, орманшылар, әкімдіктің еріктілері және жергілікті тұрғындар – қызметтік және жеке көліктерімен жалпы 70-тен астам адам шыққан. Олар ауылды, жақын маңдағы ормандарды тексерген. Іздеу жұмысы түнде де жүргізілді. Келесі күні түске қарай іздеудегі  әжейді тауып алды. Аптап ыстықтан әлсіреген әжей жерде жатқан, ол шамамен ауылдан 4 км қашықтықта анықталды. Бірнеше жұтым судан есін жиған. Полицейлер бұл туралы бірден абыржып отырған туыстарына хабарлаған, олар да іздеу жұмысына қатысқан болатын. Көп ұзамай, зейнеткер аман-есен үйіне оралды.

– Іздеу іс-шараларына көмектескен барлық адамдарға алғыс білдіреміз. Кішкене кешіккен жағдайда соңы қайғылы аяқталуы мүмкін еді. Бейжай қарамайтын адамдардың қатысуы аумақты барынша ауқымды қамтуға және із-түзсіз жоғалғанның жүрген жерін тез арада анықтауға мүмкіндік берді, – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Серкешев.