ШҚО әкімі Даниял Ахметов қанша жалақы алатынын айтты

ШҚО әкімі Даниял Ахметов қанша жалақы алатынын айтты

ШҚО әкімі Даниял Ахметов қанша жалақы алатынын айтты
ашық дереккөзі
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер ШҚО әкімінен қанша жалақы алатынын сұрады деп хабарлады turkystan.kz. «Барлық әкімнің базалық ставкасы бірдей. Ал оның ары қарай өсуі қызметкердің еңбек өтіліне байланысты. Менің еңбек өтілім   48 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметте 33 жыл жұмыс істеп жүрмін. Мен аптасына жеті күн жұмыс істеймін. Ал осының бәрін ескерсек, менің жалақым екі млн теңгенің үстінде»,   деп жауап берді ШҚО әкімі. Жиын барысында Даниал Ахметов өзі басқарып отырған өңірдегі орташа жалақы 262 мың теңге екенін айтты.