Жаңалықтар

Жеткіншек ашық терезе алдындағы сәбиді құтқарып қалды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Жеткіншек ашық терезе алдындағы сәбиді құтқарып қалды (ВИДЕО)

Нұр-Сұлтан қаласында 17 жастағы жасөспірім жетінші қабатта ашық терезеден қарап тұрған 2 жасар бүлдіршінді құтқарып қалды деп хабарлады turkystan.kz.  Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар тарады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 13 шілде күні  «Шерқала» тұрғын үй кешенінде болған. «2 жастағы бала терезеден құлап кете жаздады. Бір сағат бойы пәтерге кіре алмадық. Cәбиді көпбалалы отбасынан шыққан 17 жастағы жігіт құтқарып алды. Құтқару барысында өзі де құлап кете жаздады. Жарады, нағыз ер екен. Бұл жағдай барлығына сабақ болуы керек. Құрметті, ата-аналар! Балаларыңыздың қауіпсіздігі үшін терезеге тор қоюды ұмытпаңыздар», - деп жазды видео авторы. Видеодан құтқарушы азаматтың бір пәтер терезесінен келесі пәтер терезесіне өткенін көруге болады. Ол москит торын алып, пәтерге терезеден кірді. Осы оқиғадан кейін 17 жастағы жігіттің көпбалалы отбасынан шыққанын белгілі болды.