Президент Еуропа Одағының арнаулы өкілімен кездесті

Президент Еуропа Одағының арнаулы өкілімен кездесті

Президент Еуропа Одағының арнаулы өкілімен кездесті
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Тери Хакаламен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. [caption id="attachment_188542" align="alignnone" width="1280"] width= фото: akorda.kz[/caption] Президент Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі Еуропа Одағымен көпжақты ықпалдастықты дамытуға мүдделі екенін нақтылап, екіжақты стратегиялық ынтымақтастыққа тың серпін беруге дайын екенін жеткізді. Мемлекет басшысы жуырда өткен конституциялық референдум мен жаңа Әділетті Қазақстанды құруға қатысты реформалар туралы айтты. Өз кезегінде Тери Хакала Президентті референдумның сәтті өтуімен құттықтап, Брюссельдің Орталық Азия аймағындағы жетекші серіктесі Қазақстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен ықпалдастықты жалғастыруға Еуропа Одағының бейілді екенін нақтылады. Сонымен қатар ол Еуропа Одағы Мемлекет басшысының реформалар жүргізу бағдарламасына жан-жақты қолдау көрсететінін, Қазақстанның көпвекторлы және теңгерімді сыртқы саясатын жоғары бағалайтынын мәлімдеді. Еуропа Одағы Қазақстанмен көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға зор қызығушылық танытты. Бұдан бөлек олар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде жан-жақты пікір алмасты.