Елорда әуежайына автобус түнгі үшке дейін қатынайды

Елорда әуежайына автобус түнгі үшке дейін қатынайды

Елорда әуежайына автобус түнгі үшке дейін қатынайды
ашық дереккөзі
15 шілдеде Нұр-Сұлтандағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты ұшақтар түнде ғана қона алады деп хабарлады turkystan.kz.
«15 шілдеден 8 тамызға дейін Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктің түнгі рейстері әуежайға дейін қатынайды. Мұндай шешім елордалық әуе айлағының түнгі жұмыс режиміне уақытша көшуіне байланысты қабылданды», - деп жазылған CTS хабарландыруында.
Жолаушыларды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету №10 бағыты бойынша жүзеге асырылады.
«Әуежайдан №10 бағытының түнгі рейстерінің шығу уақыты: 23:18, 00:29, 01:59, 02:59. Бағдардың күндізгі қозғалыс кестесі өзгеріссіз қалады», - делінген хабарламада.