Жаңалықтар

«AMANAT» жастар қанатының VI съезі аяқталды

ашық дереккөзі

«AMANAT» жастар қанатының VI съезі аяқталды

«AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының кезектен тыс VI съезі мәресіне жетті. Жастар форумының соңғы күні партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов төрт күн бойы белсенді жұмыс істегені үшін барлық өңірден келген делегаттарға алғыс айтып, естелік сертификаттар табыстады. Ол «Жастар Рухы» Қазақстан бойынша 100 мыңнан астам жас азаматты біріктіретінін, олардың 90 пайызы өңірлердегі белсенділер екенін атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев съезд делегаттарына арнаған Үндеуінде Отанға қажет әрі пайдалы болуға ұмтылу – әрбір жас адамның мақсаты болуы тиіс екенін айтты. Бұл іс-шара ұл-қыздардың бірлігі мен ынтымағын айқындады. «Жастар Рухы» жастар үшін толыққанды әлеуметтік лифт болатынына кәміл сенемін», – деді «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы.