ШҚО-дағы туризм саласына 5,4 млрд теңге инвестиция тартылды – Даниал Ахметов

ШҚО-дағы туризм саласына 5,4 млрд теңге инвестиция тартылды – Даниал Ахметов

ШҚО-дағы туризм саласына 5,4 млрд теңге инвестиция тартылды – Даниал Ахметов
ашық дереккөзі
Биыл ШҚО-да ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы өңір әкімі Даниал Ахметов айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Жыл басынан бері бұл салаға 5,4 млрд теңге инвестиция тартылды, оның ішінде 1,5 млрд теңгеге Қатон-Қарағай ауданының Өрелі ауылында 250 орындық туристік кешен салынды. Осылайша кішкентай ауылда үлкен тамаша қонақүй салынды», - деді Д. Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен бірге, әкімнің айтуынша, 12 млрд теңгеге 36 жобаны жүзеге асыру, оның ішінде Бұқтырма су қоймасы жағалауында 12 демалыс базасын салу жұмыстары басталды.
 «Біз Алакөл көлін дамытуға 17 млрд теңге жұмсадық, қазір бағытымызды өзгертіп, өзіміздің Бұқтырма жағалауын дамытуға ауысып жатырмыз. Бізге үш жыл уақыт керек, сонда бұл жағалау елдегі кез келген курорттық аймақпен бәсекеге түсе алады, тіпті асып та кетеміз. Бұлай сенімді айтуымның сыры неде? Тек қана біздің облыста марал мүйізімен емдеу үшін табиғи ресурс бар. Бұл біз дамытатын бағыттардың бірі болады, дамытуды бастап та кеттік», - деді ШҚО әкімі.