Сейсенбі, 4 Қазан, 2022

Жеңілдетілген автонесие: банктер өтінімдерді қашан қайта қабылдайды?

Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысушы банктер 90 млрд теңгеге 11 825 өтінімді мақұлдағанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. 

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, жалпы сомасы 59,546 млрд теңгеге 7 852 автокөлік, оның ішінде:

«Еуразиялық банк» АҚ – 25,4 млрд теңгеге 3 248 өтінім мақұлданды;

«Банк Центр Кредит» АҚ – 27,7 млрд теңгеге 3 647 өтінім мақұлданды;

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ – 23,1 млрд теңгеге 3 009 өтінім мақұлданды;

«Forte Bank» АҚ – 14,4 млрд теңгеге 1 921 өтінім мақұлданды.

«Қазіргі уақытта қатысушы банктер мақұлданған өтінімдер бойынша автонесие берудің соңғы рәсімдеріне байланысты қаржыландыру лимиті босатылғанға дейін өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатты. Егер босатылған лимиттер шегінде қаражат болса, қатысушы банктер өтінімдерді қабылдауды жалғастыруды жоспарлап отыр», – деді қор өкілі.

«Еуразиялық банк» АҚ 10 млрд теңге көлеміндегі кезекті траншты алу рәсімін бастады, оны келесі айда аяқтау жоспарланған.

«Жеңілдікті автонесиелерді қаржыландыру бағдарламасы 30 жылға есептелген. Лимиттерді толық игергеннен кейін автонесие беру бастапқы қарыз алушылардың қайтарылған кредиттік төлемдері есебінен револьверлік несиелеу механизмі негізінде жүзеге асырылады. Одан кейін қатысушы банктер автонесие алуға өтінімдерді жинауды жалғастырады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button