Абаев Қазақстанда «Базз Лайтер» мультфильмі көрсетілмейтінін айтты

Абаев Қазақстанда «Базз Лайтер» мультфильмі көрсетілмейтінін айтты

Абаев Қазақстанда «Базз Лайтер» мультфильмі көрсетілмейтінін айтты
ашық дереккөзі
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында қоғамда резонанс тудырған «Базз Лайтер» анимациялық фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейтінін мәлімдеді  деп хабарлады turkystan.kz.
«Ел азаматтары мен БАҚ өкілдері тарапынан шетелдік «Базз Лайтер» анимациялық фильміне қатысты көптеген сұрақ келіп түсті. Жауабымды осы пост арқылы жеткізуді жөн көрдім. Аталған картина Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді» деп жазды Абаев.
Айта кетсек, «Базз Лайтер» – мультфильмдегі басты кейіпкер астронавтың есімі. Мультфильм жас көрермендерге арналған және жас шектеуі 6+. Еске салсақ, Қазақстанда бұл мультфильмнің қызу талқылануына ондағы екі әйел кейіпкердің бір-біріне сезімін білдіруі себеп болған. Қазақстандықтар мультфильмде ЛГБТ контентінің болуына байланысты оны таратуға тыйым салу туралы петицияға белсенді түрде қол қойды. Бұған дейін бұл мультфильмді Египет, Ирак, Сирия, Иордания, Сауд Арабиясы және Малайзия сияқты елдерде көрсетуге тыйым салынған еді. Көрсетуге тыйым салған мемлекеттің жалпы саны - 14.