Бауыржан Исламхан футболға қайта оралады

Бауыржан Исламхан футболға қайта оралады

Бауыржан Исламхан футболға қайта оралады
ашық дереккөзі
Допинг дауынан кейін спорттан екі жылға шеттетілген белгілі қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан ұзақ үзілістен кейін спорттық мансабын қайта жалғастыратын болды деп хабарлады turkystan.kz «Гол емес!» телеграм арнасына сілтеме жасап. 
«Күзде Бауыржан Исламханның дисквалификациясы аяқталады, бірақ қазір ҚПЛ клубтары арасында ойыншы үшін қызу талас басталды. Маусым аяқталғаннан кейін Исламханға ұсыныс жасауға білек сыбана кірісейін деп тұрғандар көп. 29 жастағы жартылай қорғаушыны қатарына қосқысы келетін клубтың бірі - «Тараз» командасы” деп жазады дереккөз.
Еске сала кетейік, Бауыржан Исламхан 2019 жылы 16 қыркүйекте Азия чемпиондар лигасында «Әл-Садд» командасымен ойыннан кейін допинг-сынама тапсырған. Сол сынамадан оның қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылған болатын.