Жаңалықтар

Медет ЖОРАБЕК: Уақыт өзгерісті қажет етеді

ашық дереккөзі

Медет ЖОРАБЕК: Уақыт өзгерісті қажет етеді

– Тәуелсіз Қазақстанның дамуы жолында жастардың рөлі ерекше. Әрбір азамат, оның ішінде жастар сапалы білім алып, бақуатты, әділетті Қазақстанда өмір сүруі қажет. Барлы­ғымыздың басымызды біріктіретін ортақ мақсат осындай болса елімізде оң өзгерістер көбейе бермек. Биыл партия атауының «AMANAT» болып өз­геруінде үлкен мән-мағына жатқаны бар­ша­мызға аян. Партия – халық пен биліктің ара­сындағы алтын көпір болуы шарт. Келесі ке­зектегі трансформация партия жанындағы жас­тар қанатының жаңа атауға ие болуы. бұл – уақыт талабы. Жастардың мақсаты айқын, батыл шешімдерге қадам баса алуы керек. Әрине, мұндай қадамдар үшін рухы биік болуы керек. Елі мен жерінің дамуы жолында қызмет етем деген азаматтар үшін қайтпас рух, мұқалмас ерік-жігер керек. «Жастар рухы» деген атының өзі әсерлі, әрбір жас­тың жүрегінен жол тапқан атауға ай­на­латынына сенімдімін. Жастар қанатының бүгінге дейінгі ат­қарған қызметі мен жобалары еліміздің әрбір аймағындағы мақсатты топтардың игілігі үшін қызмет жасап келді. Алдағы уақытта да жұмыс барысы ұлғайып сұраныс пен жас­тардың қажетіліктері бағытында артпаса, ке­мімек емес. «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI сьезіне еліміздің түкпір-түк­пірінен әр саланың саңлақтары мен үздіктері жиналды. Алайда осындай тарихи сәтте барлығының мақсаты мен ойы бір арнаға тоғысты. Үздік жастар мен замандас спи­кер­лердің ұсыныстары әрбіріміздің ойымыздағы ұсынысқа айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының аталған жас­тар ұйымының жаңа бағытта жұмыс барысын өзгертуі мен жетілдіру жұмыстарына жасаған үндеуі әр жастың жүрегінен орын алды. «AMANAT» партия­сының Төрағасы Ерлан Жа­қанұлы жастар съезіне тікелей қатысып, жастармен ашық алаң құрды. Партия өз кезе­гінде айтылған ұсыныс-пікірлерді қолдап, шешу бағытын­дағы жобаларды іске асыра­тынын жеткізді. Ал ендігі кезекте съезде жинақтаған білім мен тәжірибені өңірдегі жастарға жеткізу – де­­легаттардың басты жұмысына айналмақ.