Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беремін – Президент

Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беремін – Президент

Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беремін – Президент
ашық дереккөзі
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Жалпы, Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беруге болады. Үкімет табандылық танытуға тырысуда. Бірақ қазіргі кезеңде босаңсуға болмайды. Жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет. Жаңа, тың әдіс-тәсілдерді қолдану керек. Үкімет жедел әрекет ететін оперативтік штаб қана емес, нақты реформаларды ұсынатын және жүргізетін басты мемлекеттік мекеме болуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент кадрлық шешім қабылдайтын кез келгенін айтты.
«Қазақстанда экономистер, кәсіпкерлер көп. Шетінен білімді, дарынды. Бірақ, олардың нақты ұсыныстары аз, тіпті, жоқ деп айтуға болады. Күзге қарай, мүмкін, кадрлық шешімдер қабылдау керек болады. Ерекше дағдарыс жағдайында бұл өте қажет екені түсінікті, - деді Мемлекет басшысы.