Қасымхан БЕГМАНОВ: Ауыл жастарына ерекше қамқорлық қажет

Қасымхан БЕГМАНОВ: Ауыл жастарына ерекше қамқорлық қажет

Қасымхан БЕГМАНОВ: Ауыл жастарына ерекше қамқорлық қажет
ашық дереккөзі
– Президент Қ.Тоқаевтың «Болашақ» бағ­дарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тап­сырмасына сәйкес кеше Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин инженерлік-техника­лық кадр­ларды даярлауға баса мән беріле­ті­нін мәлім­деді. Биыл инженерлік-техникалық ма­мандықтарға 60 пайыз стипендия бөліне­тін болды, былтыр 36 пайыз болған екен. Мі­не, жастарға мемлекеттік көңіл бөлу осын­дай деңгейде жүргізілуі керек. Негізі барлық са­лада жастарға жақын болып, олардың ой-пі­кірін, арман-мақсатын тыңдау керек. Жас­тарды уақытылы тыңдамаудың соңы Қаңтар оқиғасына дейін алып келгенін көрдік. Мұн­дай қасірет қайталанбауы үшін алдын алған дұрыс. Қазақ мұндайды бір ауыз сөзбен еш­тен кеш жақсы деп түйіндеген. Қазір білімді, зиялы жастар көп, бірақ ал­­дау, арбау, өтірік айту, тонауды ұят, қылмыс са­намайтындар да жиі ұшыраса бастады. Тал бесіктен берілер тәрбиені қолдан шығарып ал­мауымыз керек. Әсіресе, ауыл жастары ерекше қамқорлықты қажет етіп отыр. Ауылдағы кітапхана мен мектептегі кітап­хана қоры бірін-бірі қайталайды. Мектеп кі­тапханаларындағы кітаптарды жаңартып, жаңа әдебиеттермен толықтыру керек. Тәрбиенің түп негізі бала кезден қалып­тасатынын ескерсек, олардың бойына кіш­кентайынан ұлттық дәстүр, әдебиет, мәде­ниет, өнерімізді сіңіріп өсірген дұрыс. Еліміз­дегі қуыршақ театрларының репертуарларын байытуға күш салсақ ұтылмаймыз. Шетел драматургтерінің ескі шығармаларын ау­да­рып бергеннен жастарымыздың рухы кө­теріл­мейді. Рухты жастарымыз көп болсын де­сек, ұрпағымызды сырт көзден қорғап, ай­тар ойын тыңдап, бастамаларына қолдау білдіріп, қамқорлық танытып, бағыт сілтейік дегім келеді.