Жаңалықтар

Атырау облысында пойыз жеңіл көлікпен соқтығысты

ашық дереккөзі

Атырау облысында пойыз жеңіл көлікпен соқтығысты

Атырау облысы Мақат елді мекенінен 20 шақырым жердегі темір жол өткелінде пойыз автокөлікпен соқтығысты. Бір адам қаза болды деп хабарлады turkystan.kz. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 13 шілде күні сағат 11:45-те болған. Мақат-Қарауылкелді учаскесінде Мақат стансасының басқарылатын темір жол өткелінде жүк пойызы мен Lada Granta соқтығысты. Оқиғаға «Қазақстан темір жолы» компаниясы түсініктеме берді. Жол апаты өткел сигнализациясы дұрыс жұмыс істеп тұрған кезде болған. «Жүк пойызының машинисі өтіп бара жатқан пойызға жақын жерде темір жол өткеліне шығып кеткен автокөлікті көріп, шұғыл тежегішті басқан. Пойыз 45 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан. Оқиғаның мән-жайын «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ комиссиясы анықтайды. Алдын ала мәлімет бойынша жол-көлік оқиғасына көлік жүргізушінің жол қозғалысы ережесін бұзуы себеп болған», – деді ведомство өкілдері.