Әкімдер жыл сайын 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуы тиіс –  Қасым-Жомарт Тоқаев

Әкімдер жыл сайын 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуы тиіс –  Қасым-Жомарт Тоқаев

Әкімдер жыл сайын 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуы тиіс –  Қасым-Жомарт Тоқаев
ашық дереккөзі
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиында Президент халықтың табысын арттыру бағдарламасының жұртқа тигізіп жатқан пайдасы шамалы екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Соңғы жылдары халықтың табысы біртіндеп өсті. Былтыр бұл өсім 5 пайыз шамасында болды. Бірақ, Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында жұрттың табысы орташа республикалық деңгейге жетпейді. Бұл көрсеткіш Алматы және Шымкент қалаларында да төмен. Ал, Қызылорда облысында халықтың табысы тіпті азайып кетті. Биыл мамыр айында азаматтардың нақты табысының көрсеткіші минус 2,9 пайыз болды», - деді Мемлекет басшысы.  Президент жергілікті жерлерде тиімді жұмыс жүргізілуі керек екенін жеткізді. Әкімдер жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуы тиіс. «Өңір басшыларының жұмысын бағалаған кезде осы көрсеткішке баса мән береміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.