Ғалымдар Арктикадан 90 млн жыл бұрынғы құс сүйегін тапты

Канадалық ғалымдар Арктикадан ежелгі құстың тас боп қалған сүйектерін тапты.
Тасқа айналған құс қалдықтарын зерттеушілер Арктиканың Аксель-Хейберг аралынан тапты. Мамандардың бағалауынша, бұл құс 90 миллион жыл бұрын дәл осы мекенде тіршілік еткен.
Құс сүйегінің ұзындығы 12 сантиметрге жеткен, бұл қанаттылардың айтарлықтай ірі болғанын дәлелдейді. Табылған құсты ғалымдар Tingmiatornis arctica деп атады. Құстың ірі балықтармен қоректенгені анықталды. Ғалымдардың айтуынша, Арктикадан табылған құс сүйегі бұл аймақта жылы климаттың болғанын дәлелдейді, деп жазады informing.ru. 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button