Қытайдың бір қаласында локдаун енгізілді

Қытайдың бір қаласында локдаун енгізілді

Қытайдың бір қаласында локдаун енгізілді
ашық дереккөзі
Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясы Ланьчжоу қаласында локдаун енгізілді деп хабарлады turkystan.kz індетке қарсы күрес жөніндегі қалалық штабқа сілтеме жасап.  Жеті күндік оқшаулау шарасы коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында қолға алынды. Денсаулық сақтау комиссиясының мәліметі бойынша, індет басталғалы Ланьчжоуда 140-тан астам адам COVID-19 вирус жұқтырған. Ланьчжоу қаласының төрт ауданында шектеу енгізілді. Түрлі ойын-сауық орындары (интернет-кафе, караоке-бар) және спорт зал, кинотеат, кітапхана, мұражай жұмысы уақытша тоқтатылды.