Жаңалықтар

ҰҚК Нұрлан Мәсімов қалай ұсталғаны туралы мәлімет жариялады

ашық дереккөзі

ҰҚК Нұрлан Мәсімов қалай ұсталғаны туралы мәлімет жариялады

Павлодар облысы Полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін іздестірілген болатын деп хабарлады turkystan.kz.  Ол кеше жалған құжат жасатып, шекарадан өтпек болған жерінен ұсталды. «Ресей арнайы қызметінің көмегімен Қазақстан-Ресей шекарасының шығыс учаскесінде өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз өту әрекеті анықталды. Қазақстан және Ресей азаматтарынан тұратын бір топ адам ұсталды», - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Бір топ адамның ішінде өзі туралы жалған деректер берген іздеудегі Павлодар облысы бойынша Полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімов бар екені анықталды. Келісімдер аясында Ресей тарапы 13 шілдеде Н.Мәсімовті ҰҚК Шекара қызметі қызметкерлеріне берді. «Қажетті тексерулер мен сұрақ алу іс-шараларынан кейін құзыреті бойынша іздестірудің бастамашысы болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді»,– делінген хабарламада.

Нұрлан Мәсімов – ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.