Биыл Қазақстаннан қанша адам көшіп кетті?

Биыл Қазақстаннан қанша адам көшіп кетті?

Биыл Қазақстаннан қанша адам көшіп кетті?
ашық дереккөзі
Биыл қаңтар-мамыр аралығында елімізге тұрғылықты тұруға 6 227 адам көшіп келген. Дәл осы уақыт ішінде 9 034 адам керісінше Қазақстаннан шет мемлекеттерге кеткен деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
«2022 жылғы қаңтар-мамырда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің саны – 6 227 адам, елімізден кеткендердің саны – 9 034. Көші-қон айырымы – 2 807 адам» делінген бюро хабарламасында.
Статистикаға сәйкес, еліміздегі негізгі көші-қон процесі ТМД мемлекеттерімен байланысты. Осы  жылдың 5 айында ТМД елдерінен келгендердің көші-қон үлесі – 85,1 пайызды, ал ТМД-ға кеткендердің үлесі – 81 пайызды құрады. Ұлттық статистика бюросы келтірген ішкі көші-қон деректеріне сәйкес, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында динамика бар. Мәселен, 5 ай ішінде Алматыға 14 481 адам көшіп келсе, елордаға 12 783 адам келген. Ал, Шымкентке 1 773 қазақстандық қоныс аударған.