«Тұрғындар қалай болса солай демалады» – Абай облысының әкімі

«Тұрғындар қалай болса солай демалады» – Абай облысының әкімі

«Тұрғындар қалай болса солай демалады» – Абай облысының әкімі
ашық дереккөзі

Бүгін Абай облысының әкімі Семей қаласының ТЖМ департаментінің өкілдерін қабылдап, бірқатар тапсырма берді деп хабарлады turkystan.kz. Ертіс өзенінің жағасында шомылу үшін қауіпсіз аймақ құру бойынша жұмыс жүргізіп жатқан аумақты қатаң қадағалауды тапсырды.

«Ертіс өзенінде қайғылы оқиғалар азаймай тұр. Бұған басты себеп - тұрғындардың әртүрлі жерде қалай болса солай демалатындығы. Тұрғындардың қауіпсіздігін қатаң қадағалауды тапсырамын. Келесі жылға дейін қалалық жағажай құрылысы толық аяқталуы керек. Біз әкімдік тарапынан жағажай салып жатқан кәсіпкерге барынша қолдау көрсетеміз»,- деді Н.Ұранхаев.
Сонымен қатар аймақ басшысы жаз уақытында балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алуды тапсырды. Жаз мезгілінде балалар қауіпсіздігі мәселесінде ең өзектісі - терезедегі тор мен шомылу маусымы.
«Ел аман, жұрт тынышта қаншама бала абайсызда мертігіп, терезеден құлап жатыр. Ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру керек. ТЖМ өкілдерінің жаз уақытында жұмысы қауырт. Десе де жұмыстарыңызды тыңғылықты жүргізулеріңізді сұраймын» деп түйіндеді сөзін әкім.