Жаңалықтар

Үкіметте Абай облысының түйткілді мәселелері қаралды

ашық дереккөзі

Үкіметте Абай облысының түйткілді мәселелері қаралды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жаңадан құрылған өңірдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму мәселелері бойынша үкіметтік кеңес өтті деп хабарлады turkystan.kz. Оған энергетика, білім, денсаулық сақтау, индустриялық және инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы, еңбек және әлеуметтік қорғау, мәдениет министрліктерінің өкілдері қатысты. Кеңеске қатысушылар 3-ЖЭО, сондай-ақ жаңа медициналық мекемелер – көпбейінді балалар ауруханасы, қан құю станциясы, инфекциялық аурулар ауруханасы, типтік емханалар мен медициналық университет клиникасының құрылысы мәселелерін талқылады. Үкімет Абай облысында көлік қатынасын дамытуға жәрдемдесуге уәде етті. Келесі жылы жаңа теміржол маршруттарын ұйымдастыру жоспарлануда, Семейден Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына авиарейстерді ұлғайту мәселесі шешілуде.