Жаңалықтар

Дархан Қыдырәлі «Jas Talks» ашық диалог алаңында жастармен кездесті

ашық дереккөзі

Дархан Қыдырәлі «Jas Talks» ашық диалог алаңында жастармен кездесті

AMANAT партиясы «Жастар Рухының» кезектен тыс VI Съезі аясында «Jas Talks» ашық диалог алаңының жұмысы жалғасып жатыр. Съездің үшінші күні партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Бас директоры Дархан Қыдырәлі жастармен жүздесті деп хабарлады turkystan.kz. Кездесу барысында Дархан Қыдырәлі қатысушылардың сұрағына жауап беріп, форум жұмысы жастарға асқақ рух, жаңа жігер сыйлайтынына сенім білдірді. Ол Жаңа Қазақстанды құру ісі осындай жаңа форматтағы жүздесулерден, жаңаша ойлайтын жастардан, орамды ойталқыдан басталатынын жеткізді. «Қазақстанның әр тарапынан келген жастар еліміздің бүгінгі көңіл-күйінің айнасы. Қаңтарда «Буырқанған бұла буын» деген мақала жазып едім. Сіздер сол буырқанған буынсыздар. Кезінде Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деді. Кейін Қасым Аманжолов «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ?!» деп тамсанды. Сіздерді Мағжан айтқан, Қасым айтқан рухты жастарсыздар деп білемін», – деді ол. Сонымен қатар, форум қонағы бүгінгі ұрпақтың жетістіктеріне тоқталып, жастарды жасампаз болуға шақырды. Ұлттық код, бірлік, ынтымақ, ұйысу, ұғымдары туралы ой бөлісті. [caption id="attachment_188332" align="alignnone" width="2048"]