Жаңалықтар

Алматыда жыл соңына дейін 18 орта білім беру нысаны іске қосылады

ашық дереккөзі

Алматыда жыл соңына дейін 18 орта білім беру нысаны іске қосылады

Алматыда қалалық филиалдың Саяси кеңесі Бюросының және Алматы қаласы мәслихатындағы AMANAT депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті, оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – AMANAT партиясы фракциясының мүшелері қатысты деп хабарлады turkystan.kz. Отырыста халықтың өмір сүру жағдайын, жол-көлік инфрақұрылымын және экологиялық ахуалды жақсарту, сондай-ақ білім беру және медицина объектілерін салу мәселелері қаралды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасының 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 12 бағыт бойынша жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Қалалық мобильділік басқармасы өкілінің айтуынша, қазір алты бекеттің екеуі ғана жұмыс істейді, дегенмен газ станциясы құрылысының тиісті жобасына қаражат бөлінген. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 14 мыңға жуық оқушы орнына арналған 18 орта білім беру нысанын іске қосу жоспарлануда. Бұл жоспарға 10 750 орындық 11 мектеп, 1 270 орындық 5 қосымша құрылыс, 1 800 орындық 2 ғимаратты сатып алу кіреді. Сондай-ақ, депутат Мәди Ахметов мегаполистегі жастар мәселесін көтерді. Атап айтқанда, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру және жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту, жастар практикасы және жұмыс орындарын ашу қозғалды. Отырысты қорытындылай келе, мәжілісмендер партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасын жүзеге асыру партиялықтардың ерекше бақылауында екенін атап өтті.