Жаңалықтар

ҚМДБ 129 040 жанұяға құрбандық етін үлестірді

ашық дереккөзі

ҚМДБ 129 040 жанұяға құрбандық етін үлестірді

ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республика көлемінде «Qurban-2022» қайырымдылық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп хабарлады turkystan.kz. 9-11 шілде аралығында өткен мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт күндері Qurban2022.kz сайтына тапсырыс беру арқылы онлайн және жергілікті қасапханаларда офлайн форматта құрбан шалынды. «Qurban-2022» қайырымдылық акциясы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республика көлемінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды. ҚМДБ барша дін қызметкерлеріне, имамдарға, құрбан шалуды онлайн және офлайн форматта жүзеге асыруға жәрдемдескен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, облыстық, жергілікті әкімдіктерге, кәсіпкерлер мен еріктілерге алғысын білдірді.