ҚМДБ 129 040 жанұяға құрбандық етін үлестірді

ҚМДБ 129 040 жанұяға құрбандық етін үлестірді

ҚМДБ 129 040 жанұяға құрбандық етін үлестірді
ашық дереккөзі
ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республика көлемінде «Qurban-2022» қайырымдылық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп хабарлады turkystan.kz. 9-11 шілде аралығында өткен мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт күндері Qurban2022.kz сайтына тапсырыс беру арқылы онлайн және жергілікті қасапханаларда офлайн форматта құрбан шалынды.  width= Еліміз бойынша Құрбан айт күндері Qurban2022.kz сайтына 1 802 тапсырыс беріліп, 2 712 мұқтаж отбасыдан ет алу жөнінде өтініш келіп түсті. Республика бойынша ұзын саны 1 509 адамнан құралған бірнеше штаб құрылып, 49 қасапханада 198 қасапшы жұмыс істеді. Құрбан шалу рәсімі барысында жалпы саны 34 838 мал сойылды. Оның 31 053-і – қой, 2 444-і – ешкі, 1 322-сі – сиыр, ал түйе саны – 19. Осылайша 797 тонна ет 129 040 отбасыға дін қызметкерлері және еріктілердің көмегімен жеткізілді. Еріктілер құрбандық етін мүгедектер қоры, зағиптар қоры, ауруханалар мен ардагерлерге де есігінің алдына дейін апарып берді.  width= «Qurban-2022» қайырымдылық акциясы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республика көлемінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды. ҚМДБ барша дін қызметкерлеріне, имамдарға, құрбан шалуды онлайн және офлайн форматта жүзеге асыруға жәрдемдескен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, облыстық, жергілікті әкімдіктерге, кәсіпкерлер мен еріктілерге алғысын білдірді.  width=  width=