Жаңалықтар

Нұрлан Мәсімов шекарадан өтейін деп тұрған жерінен ұсталды

ашық дереккөзі

Нұрлан Мәсімов шекарадан өтейін деп тұрған жерінен ұсталды

Нұрлан Мәсімов шекарадан өтейін деп тұрған жерінен ұсталды, - деп хабарлайды  turkystan.kz. Антикорға сілтеме жасап. "Биыл 13 шілдеде антикоррупиялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады", - делінген хабарламада. Павлодар облысы Полиция департаментінің экс-бастығына аса ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланған еді. Нұрлан Мәсімов – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.