СҚО-дағы жол апаты: сегіз адам зардап шегіп, біреуі қайтыс болды

СҚО-дағы жол апаты: сегіз адам зардап шегіп, біреуі қайтыс болды

СҚО-дағы жол апаты: сегіз адам зардап шегіп, біреуі қайтыс болды
ашық дереккөзі
12 шілде күні сағат 19.30 шамасында Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолының 473-ші шақырымында Volkswagen Golf пен Chevrolet Lanos автокөліктері соқтығысып қалды. Бұл туралы turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші және алты жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жеткізілді. Volkswagen Golf автокөлігінің 64 жастағы жолаушысы Қызылжар аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.