Жаңалықтар

Ералы Тоғжанов «Жастар Рухының» кезектен тыс VI съезіне қатысты

ашық дереккөзі

Ералы Тоғжанов «Жастар Рухының» кезектен тыс VI съезіне қатысты

«AMANAT» партиясы «Жастар Рухының» кезектен тыс VI съезі аясында Jas Talks ашық диалог алаңының жұмысы жалғасып жатыр. Форумның үшінші күні Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов алаң қонағы болды. Қызу пікірталас барысында вице-премьер қатысушылардың сұрағына жауап беріп, Үкіметтің жас буын арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру және басқа да өзекті мәселелерді шешу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Сонымен қатар, вице-премьер «AMANAT» партиясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасына егжей-тегжейлі тоқталды. «Ауылдың мәселесін шешіп алмайынша, қаланың мәселесі шешілмейді. Азық-түлік қауіпсіздігінен өзге, көші-қон мәселесі де бар. Ауыл гүлденсе қалада білім алған жастар туған жеріне оралады. Мемлекет қандай жағдай жасаса да, әр адам түпкі шешімді жұмыс істеуге деген жеке қалауына қарай қабылдайды. Әркім өзіне, жақынына, істеген ісіне жауапкершілікпен қарай бастаған кезде бұдан да гүлденген қоғамда өмір сүретін боламыз», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.  Естеріңізге сала кетейік, съездің пленарлық отырысы барысында жастар қанатын трансформациялаудың жаңа бағдарламасы қабылданып, Орталық кеңестің құрамы жаңарды. Сондай-ақ жастар ұйымының атауы «Жастар рухы» болып өзгертілді.

Суретті түсірген: Әли ҒАЛЫМ