Жаңалықтар

Әлемде бидай мен ұнға сұраныс артты

ашық дереккөзі

Әлемде бидай мен ұнға сұраныс артты

Әлемдік нарықта бидай мен ұнға сұраныс артты деп хабарлады turkystan.kz. Министрліктің айтуынша, биыл астық шығымы былтырғыдан 15 пайызға жоғары болуы мүмкін. Себебі енгізілген шектеуге және былтырғы құрғақшылыққа қарамастан, нарықта бидай мен ұн экспортының қарқыны сақталады. «Соңғы 3 жылда ұн мен астық экспортының орташа жылдық көлемі шамамен 9 млн тоннаны құрады. «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның деректеріне қарағанда, 10 шілдедегі жағдай бойынша астық эквивалентінде 4,9 млн тонна астық пен ұн экспортын құрады. Атап айтқанда, Ресей мен Украинадағы геосаяси жағдайға байланысты әлемдік нарықта бидай мен ұнға сұраныстың артуы өнімге деген экспорттың өсуіне ықпал етті», – деді ведомство өкілдері.