Елімізде халық саны 1,2 % өсті

Елімізде халық саны 1,2 % өсті

Елімізде халық саны 1,2 % өсті
ашық дереккөзі
1 маусымда еліміздегі халық саны 19 222,6 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11 460,5 мың (59,6%), ауылдықтар – 7 762,1 мың адамды (40,4%) құрады деп хабарлады turkystan.kz. 2021 жылғы 1  маусыммен салыстырғанда халық саны 237,8  мың адамға немесе 1,23 өсті. Биыл қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда  (111,5 мың адам) 7,6% кеміп, 103,3 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 12,94 адамды құрады. Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2,1%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Алматы (14 481 адам), Нұр-Сұлтан (12 783 адам) және Шымкент (1 773 адам) қалаларында.