Елена Рыбакина Алматыға бара алмайтынын айтты

Елена Рыбакина Алматыға бара алмайтынын айтты

Елена Рыбакина Алматыға бара алмайтынын айтты
ашық дереккөзі
Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина Алматыдағы кездесуіне бара алмайтын болды деп хабарлады turkystan.kz. Спортшы бүгін Алматыға баруды жоспарлаған. Алайда денсаулығына байланысты кездесуді кейінге қалдырды. «Құрметті алматылықтар! Уимблдондағы жеңісімізден кейінгі қуанышты бөлісу үшін бүгін сіздерге барамын деп ойлап едім. Өкінішке қарай, кейінгі кездегі  шамадан тыс жұмыс, жүйкеге түскен салмақ денсаулығыма әсер етті. Толық қалпыма келу үшін үзіліс алуға тура келді. Тамаша қалаларыңызға келесі жолы міндетті түрде барамын. Түсіністік танытып, қолдау көрсеткендеріңізге рақмет», - деді Е. Рыбакина.