Биыл жоғары оқу орындарына 88 мыңнан астам грант бөлінді

Биыл жоғары оқу орындарына 88 мыңнан астам грант бөлінді

Биыл жоғары оқу орындарына 88 мыңнан астам грант бөлінді
ашық дереккөзі
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі жоғары оқу орындарына бөлінген грант санын атады деп хабарлады turkystan.kz.   Министрдің айтуынша, биыл бакалавр мен магистратураны қоса алғанда 88 111 грант бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көп. Олардың ішінде 73 мыңы бакалавриат мамандықтарына арналған.
«Биылғы жылдың ерекшелігі – Президент тапсырмасына сәйкес басымдық техникалық-инженерлік мамандықтарға беріліп отыр. Яғни, аталған бағытқа 60% грант бөлінді», – деді министр.
Сондай-ақ бүгін елімізде жоғары оқу орындарына талапкерлердің құжаттарын қабылдау басталды.
«Құжатты жергілікті жоғары оқу орындарында және ұлттық тестілеу орталығында тапсыруға болады. Сонымен қатар талапкер Zoom, Teams платформалары, телефон арқылы тапсырып, құжаттарын поштамен жолдауына болады», – деді Саясат Нұрбек.