COVID-19 пандемиясы әлі аяқталмады – ДДСҰ

COVID-19 пандемиясы әлі аяқталмады – ДДСҰ

COVID-19 пандемиясы әлі аяқталмады – ДДСҰ
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус пандемиясы әлі аяқталмағанын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Xinhua порталына сілтеме жасап. Ұйым қарт адамдарға, аяғы ауыр әйелдерге, және медициналық мекемеде жұмыс істейтіндерге вакцинаның үшінші дозасын салуды ұсынды.
«Вирустың жаңа толқыны жүріп жатыр, пандемия әлі аяқталмады және вирус еркін тарап жатыр», –  деді Гебрейесус.
Денсаулық сақтау саласының төтенше жағдайлар жөніндегі атқарушы директоры Майкл Райанның айтуынша, коронавирустың өршуіне «омикрон» BA.4 және BA.5 нұсқаларының таралуы себеп болып отыр. Сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау шаралары мен әлеуметтік шараларды алып тастауымен байланысты.
«COVID-19 жағдайының көбеюіне алаңдап отырмын, бұл денсаулық сақтау жүйесі мен медицина қызметкерлеріне жүк түсіріп отыр. Сонымен қатар, адам өлімі көбейгеніне алаңдап отырмыз», – деді Райан.