Нұр-Сұлтан қалалық сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Нұр-Сұлтан қалалық сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Нұр-Сұлтан қалалық сотының жаңа төрағасы тағайындалды
ашық дереккөзі
Бүгін ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов сот ұжымына Нұр-Сұлтан қаласы сотының жаңа төрағасы Жұмағұлов Ақан Маратұлын таныстырды деп хабарлады turkystan.kz.   Бұрын Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасын басқарған Ақан Жұмағұлов Президенттің 2022 жылғы 11 шілдедегі Жарлығымен елорда қалалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Іс-шараға қала әкімі Алтай Көлгінов, алқа төрағалары, қалалық соттың судьялары, Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары Жарқын Құсайынов, ҰҚКД бастығының орынбасары Болат Хамзин, және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Қайрат Бижанов қатысты. Жоғарғы Сот алқасының төрағасы осы Жарлықпен тағайындалған аудандық соттардың төрағалары мен елордалық қалалық соттың судьяларын да таныстырды. Есіл аудандық сотының төрағасы болып Алмас Сәлімов, Есіл ауданының №2 аудандық сотының төрағасы болып Дәуренбек Даумов тағайындалды. Ал Нұр-Сұлтан қаласы сотының судьясы лауазымына Айбек Әмірғалиев, Гүлнәр Дәулешова, Анар Кәрімова тағайындалды. Әбдірашит Жүкенов тағайындалған төрағалар мен судьяларды қызметке кірісуімен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.