Бүгін – Ұлттық қауіпсіздік комитеті күні
Бүгін – Ұлттық қауіпсіздік комитеті күні
Осыдан тура 30 жыл бұрын - 1992 жылдың 13 шілдесінде ел Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды деп хабарлады turkystan.kz.
Дәл осы сәттен бастап жаңа дербес отандық арнайы қызметтің тарихы бастау алып, әртүрлі кезеңдерді бастан өткерді. Егемен ел болған жас мемлекетіміздің толықтай қалыптасып, одан әрі қарыштай дамуының маңызды да басты алғышарты – тұрақтылық пен қауіпсіздік.
Бүгінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесіне, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметіне, мемлекеттік шекарасын күзетуге, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай саясатты жүзеге асырады және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган саналады.