Жұма, 31 Наурыз, 2023

Көкшетауда 50 мың доллар пара алған полицейлер ұсталды

Көкшетау полицейлері қылмыстық істі жабуға уәде бергені үшін 50 мың доллар алды деген күдікке ілінді деп хабарлады turkystan.kz агенттіктің баспасөзіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Көкшетау қаласы Полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты басқа органның іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін кәсіпкерден 50 мың доллар сомасында ақша қаражатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

8 шілдеде жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Көкшетау қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды.

9 шілдеде Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button