Еуро мен доллардың құны 20 жылда бірінші рет теңесті

Еуро мен доллардың құны 20 жылда бірінші рет теңесті

Еуро мен доллардың құны 20 жылда бірінші рет теңесті
ашық дереккөзі
Еуро мен доллардың құны 20 жылда бірінші рет теңесті деп хабарлады turkystan.kz. Биыл бірыңғай еуропалық валюта бағамы америкалыққа қатысты 14%-ға, ал өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 17,8%-ға төмендеген. Еuronews.com сайтының жазуынша, еуро Ресейдің Украинаға шабуылынан туындаған дағдарыс салдарынан әлсіреді. Қысым көрсететін негізгі фактор — энергия тасымалдау құны және Ресей Федерациясынан газ жеткізуге байланысты туындаған қауіп. Динамикаға Вашингтон мен Брюссельдің ақша-кредит саясатындағы айырмашылықтар да әсер етеді — ФРЖ базалық мөлшерлемелерді арттырады, ал ЕОБ оларды төмен деңгейде ұстайды.