Қазақ палуаны Моңғолияда жоғары дәрежелі «Мемлекеттік піл» атағын жеңіп алды

Қазақ палуаны Моңғолияда жоғары дәрежелі «Мемлекеттік піл» атағын жеңіп алды

Қазақ палуаны Моңғолияда жоғары дәрежелі «Мемлекеттік піл» атағын жеңіп алды
ашық дереккөзі
Моңғолияның ұлттық мерекесіне орай ұйымдастырылған күрес сайысында Баян-Өлгий аймағының тумасы Серік Бердімұратұлы 7 кезеңнен өтіп, мемлекеттік заан Доржийн Анарды жығып, мемлекеттік «заан», яғни, мемлекеттік піл дәрежелі палуан атағына ие болды деп хабарлады turkystan.kz Kaznews.mn порталына сілтеме жасап. Серік Бердімұратұлы жасыл алаңда Э.Сумьяабат (6 кезең), Ц.Төмөрцоож (5 кезең), П.Даваадорж (4 кезең), Ш.Чинтулга (3 кезең), Б.Өлзийсайхан (2 кезең), Э.Дашзэвэг (1 кезең) қатарлы пауландарды айқын басымдықпен ұтты. 8 кезеңде мемлекеттік аварга (қаз. чемпион) дәрежелі палуан Намсрайжав Батсуурьдан ұтылып қалды. Серік Бердімұратұлы 1994 жылы туған. Салмағы 110 келі. 2011 жылы аймақтық піл дәрежелі палуан, 2013 жылы аймақтық арыстан дәрежелі палуан, 2017 жылы мемлекеттік лашын дәрежелі палуан атанған болатын.