Смайылов Қазақстанда салынатын АЭС туралы пікір білдірді

Смайылов Қазақстанда салынатын АЭС туралы пікір білдірді

Смайылов Қазақстанда салынатын АЭС туралы пікір білдірді
ашық дереккөзі
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Қазақстан» телеарнасына берген сұхбатында елімізде салынатын атом электр станциясының құрылысы туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz. Оның мәліметінше, болашақта электр энергиясы тапшылығы болады деп болжанып отыр.
«Атом электр станциясын салмасақ, біз бұл мәселені шеше алмаймыз. Экономикамыз электр энергиясымен толық қамтамасыз етпесек, әрі қарай даму өте қиын болады», - деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ, ол АЭС салу мәселесі бойынша шешім қабылданып, орны белгіленгенін айтты.
«Қазір Энергетика министрлігі дүние жүзіндегі озық технологияларды қарастырып жатыр. АҚШ, Франция, Оңтүстік Корея және Ресейдің технологияларын зерделеуде. Жалпы, бұл халықаралық жоба болады. Яғни бірнеше мемлекеттен әр түрлі технология тартылады», - деді Премьер-министр.