23 жастағы жігіт селфи жасаймын деп жанартауға құлап кетті

23 жастағы жігіт селфи жасаймын деп жанартауға құлап кетті

23 жастағы жігіт селфи жасаймын деп жанартауға құлап кетті
ашық дереккөзі
Америкалық турист Везувий жанартауы шұңқырына құлап, зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz. Mirror басылымына сілтеме жасап. 23 жастағы азамат отбасымен бірге Неапольде демалған. Олар аймақтың басты көрікті жері  – Везувий жанартауына барғысы келген. Америкалықтар танымал әрі қауіпсіз саяхат жолын іздеудің орнына, тыйым салынған, өте қауіпті бағытты таңдаған. Жігіт жанартауда селфи жасамақ болғанда, телефоны шұңқырға түсіп кеткен. Оны алуға тырысқан кезде ізінше өзі де құлаған. Құтқарушылар туристі құтқарып қалған. Ол айтарлықтай зардап шекпегені хабарланды. Везувий тауы – Италиядағы ең белсенді жанартаулардың бірі. Сарапшылар оны әлемдегі ең қауіпті жанартаулардың бірі деп санайды.