Ертең бірқатар аймақта дауыл көтеріледі

Ертең бірқатар аймақта дауыл көтеріледі

Ертең бірқатар аймақта дауыл көтеріледі
ашық дереккөзі
Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, 13 шілдеде еліміздің бірқатар аймағында шаңды дауыл болады деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктер 13 шілде күні күндіз Қызылорда облысының орталығында дауыл болады деп болжап отыр. Облыстың басым бөлігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау облысының басым бөлігінде +35...+39°, облыстың оңтүстігінде + 42°ыстық болады. Облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі болуы мүмкін. Атырауда ауа температурасы +37...+39°C дейін жетеді. Түркістан облысында найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Солтүстігінде - шаңды дауыл. 13 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ жаууы ықтимал. Аумақтың көп бөлігінде +35...+ 39°C, оңтүстігінде + 42°C болады. Сондай-ақ облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болады. Оралда термометр + 38°C дейін көтеріледі.