Сәрсенбі, 22 Наурыз, 2023

Әлихан Смайылов Израильдің туризм министрімен кездесті

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Израильдің туризм министрі Йоэль Развозовпен кездесу өткізді деп хабарлады turkystan.kz  Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы Израиль мемлекеті – еліміздің Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі және қазіргі жағдайда екі ел өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру үшін көп күш салуы тиіс екенін атап өтті.

Кездесу барысында қос тарап сауда-экономикалық, аграрлық саладағы өзара іс-қимылды және туристік әлеуетті дамытуды талқылады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button