Үкімет басшысы Жапония халқына көңіл айтты

Үкімет басшысы Жапония халқына көңіл айтты

Үкімет басшысы Жапония халқына көңіл айтты
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Жапония елшілігіне барып, көрнекті саяси қайраткер, бұрынғы Премьер-министр Синдзо Абэнің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты деп хабарлады turkystan.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дипломатиялық миссия басшысы Джуну Ямадемен әңгімелесу барысында Әлихан Смайылов Қазақстанның Абэ мырзаны өз елінің патриоты және Қазақстан-Жапония қарым-қатынастарының дамуына елеулі үлес қосқан саясаткер ретінде білетінін атап өтті.