«Қазфосфат» ЖШС басшылығының қамауға алынғаны рас па?

«Қазфосфат» ЖШС басшылығының қамауға алынғаны рас па?

«Қазфосфат» ЖШС басшылығының қамауға алынғаны рас па?
ашық дереккөзі
«Қазфосфат» ЖШС-нің баспасөз қызметі аталған кәсіпорын басшылығының қамауға алынғаны туралы ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазфосфат» ЖШС басшысы Нұрхан Нұрлановқа қатысты тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Кәсіпорында ешқандай тінту жүргізілген жоқ. Нұрхан Нұрлановқа қатысты ешқандай орган тарапынан ұстау әрекеті болған емес. Тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды», - делінген ЖШС хабарламасында.

Еске сала кетсек, кеше Тараз қаласындағы «Қазфосфат минералды тыңайтқыштар» ЖШС зауытында апат болды.

Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар ЖШС Жамбыл филиалындағы апатқа байланысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатқаны хабарланған еді.