«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылады

«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылады

«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылады
ашық дереккөзі
«Қазақфильм» акционерлік қоғамы жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігін құру бойынша жиын өткіздім. Өздеріңізге белгілі, жас ұрпақ тәрбиесі анимациямен тығыз байланысты. Қазіргі таңда бүлдіршіндеріміз батыстан үздіксіз келіп жатқан шетелдік өнімдерді қарап, тілімізге де, ділімізге де қайшы мультфильмдерді көптеп көріп жатқаны жасырын емес. Сол себепті де біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызға негізделген отандық өнімдеріміздің өрісін кеңейтуді қолға алып отырмыз. Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей бастамасымен «Қазақанимация» бірлестігінің жұмысын іске қосу – ең алдымен ұлттық анимацияны қолдаудың жаңа жүйесін қалыптастырады. Әрине, ауқымды жұмысты бірден жолға қою оңай емес»,  – деді министр.