Жаңалықтар

Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

ашық дереккөзі

Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

Бүгін Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Онда Президенттің Жарлығы бойынша 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Парламент Сенаты депутаттарының сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.  Отырыс барысында күн тәртібіндегі үш мәселе қаралды: 1) «2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы»; 2) «2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының кейбір нысандарын бекіту туралы»; 3) «2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Парламент Сенатының депутаттарын сайлауда Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы». ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Президенттің 2022 жылғы 11 шілдедегі Жарлығымен Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Парламент Сенатының депутаттарын сайлау 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалғанын атап өтті. Күн тәртібінің бірінші және екінші мәселелері бойынша Ортсайлауком төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады. Петровтың мәліметінше, «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңның 83-бабына сәйкес Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы осы Конституциялық заңда Сенат депутаттарының кезекті сайлауы үшін белгіленген қағидаларға сәйкес өткізіледі. Бұл ретте сайлау іс-шараларын өткізу мерзімдерін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.