Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
ашық дереккөзі
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті деп хабарлады turkystan.kz.    KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 8,12 теңгеге көтерілді. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 473,38 теңге. Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 464,85 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 473 теңге, сатып алу – 477,50 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу құны – 475,50 теңге. Айта кетсек, кеше Қор нарығында доллар 9 теңгеге арзандаған еді.